Жастар алаңында жасөспірімдерге арналған патриоттық флешмоб өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Талдықорған қалалық Полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, Жетісу облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы және Талдықорған қалалық Білім басқармасының ұйымдастырумен «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында жасөспірімдерге тәртіптік-патриоттық рухын нығайтуға бағытталған флешмоб өткізілді.

Іс-шара Жастар алаңында өт­ті. Оған 300-ден астам оқушы қатысты: орта мектептердің және гимназиялардың жасөспірімдері флешмобқа бірлік пен сезімді көрсететін қозғалыс элементтерімен қатысты.

Флешмобтың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа азаматтық борышын сезіндіру, заң мен тәртіпке деген құрметті қалыптастыру және Отан алдындағы жауапкершілікті ұғындыру. Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің тәртібі мен патриоттық сезімін шыңдап, олардың болашақта жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/990605?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version