СОЗАҚТА ЕКІ ҚАБАТТЫ ҮШ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Аудан орталығындағы Жеткіншек мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен екі қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы басталды. Әр тұрғын үйде 8 пәтерден, барлығы 24 пәтер ел игілігіне берілмек. Жоба әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту мен өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Құрылыс алаңына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жұмыс барысымен танысып, аудан орталығында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды аралады. Атап айтқанда, орталық саябақтағы абаттандыру жұмыстарын, С. Қожанов және Жібек жолы көшелеріндегі кешенді жөндеу және көріктендіру шараларын бақылады. Сондай-ақ, қазіргі заман талаптарына сай жабдықталатын жаңа кітапхана ғимаратының құрылысымен танысып, жаңадан төселіп жатқан аяқжолдардың сапасына көңіл бөлді. Аудан басшысы барлық нысандардың құрылыс жұмыстары белгіленген талаптарға сай, сапалы және уақытылы орындалуы қажет екенін атап өтті. Бұл бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
В СОЗАКЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО ТРЕХ ДВУХЭТАЖНЫХ ЖИЛЫХ ДОМОВ
В микрорайоне Жеткиншек районного центра за счет частного инвестора начато строительство трех двухэтажных жилых домов. В каждом жилом доме по 8 квартир, всего 24 квартиры. Проект направлен на обеспечение доступным жильем и повышение качества жизни граждан из социально уязвимых слоев населения.
Специально посетивший строительную площадку, аким района Мухит Турысбеков ознакомился с ходом работ и посетил ряд инфраструктурных проектов, реализуемых в районном центре. В частности, он курировал работы по благоустройству в Центральном парке, комплексный ремонт и благоустройство улиц С.Кожанова и Жибек жолы. Также ознакомился со строительством нового здания библиотеки, которое будет оснащено в соответствии с современными требованиями, и обратил внимание на качество прокладываемых тротуаров. Глава района отметил, что строительные работы всех объектов должны быть выполнены качественно и своевременно, в соответствии с установленными требованиями. На ответственных специалистов возложили конкретные задачи.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/990172?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ