
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА FISH-ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАБДЫҚ ОРНАТЫЛДЫ
Биыл Almaty Marathon ұйымдастырушысы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры «AYALA» қайырымдылық қорымен бірлесіп Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы екі перинаталдық орталыққа мамандандырылған диагностикалық жабдықтар табыстады. Бұл бастамаларға 106 241 284 теңге бағытталған Қаражат Almaty Marathon қатысушыларының бастапқы жарналары мен серіктестердің салымдарының арқасында жиналды. Бұл Қазақстандағы бала туу деңгейі ең жоғары өңірдегі нәресте мүгедектігін азайту жөніндегі ауқымды жобалардың бірі.
Былтыр Түркістан облысында 50 мыңнан астам бала дүниеге келді. Бұл – Қазақстандағы ең үлкен көрсеткіш. Қазіргі заманғы медицина туа біткен патологияларды дер кезінде анықтауға және нәресте мүгедектігінің даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, «Бір күндік клиника» жобасы жүктілік кезінде, ал «Әлемді көремін» жобасы туғаннан кейін бірден патологияны диагностикалауға көмектеседі.
Жаңа бастамаларды «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры мен «AYALA» қайырымдылық қоры Шымкент қаласы мен Түркістан облысында іске асыруды өткен жылы қолға алған болатын. «Бір күндік клиника» жобасы аясында қорлар Түркістан облысының № 2 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының базасында FISH-диагностикалауға арналған 79 541 284 теңгеге зертханалық жабдық орнатты. Бұл микроскоп жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомдық аномалияларын және Даун, Патау, Эдвардс, Шерешевский-Тернер және Клайнфельтер синдромы сияқты туа біткен патологияларды анықтайды. «Бір күн клиникасы» болашақ аналарға МӘМС есебінен бір күнде барлық тереңдетілген биохимиялық талдаулар мен сараптамалық УДЗ алуға мүмкіндік береді.
«Аталған микроскоп пен зертханалық жабдық мыңдаған жүкті әйелдерге МӘМС есебінен біздің орталықта қажетті тексерістен уақытылы өтіп, балаларының салауатты болашағына үміт артуға мүмкіндік береді. Енді 2025 жылдың соңына дейін облыстың 500-ден астам болашақ анасы тереңдетілген пренаталды скринингтен өтеді. Біздің есептеуімізше, «Бір күндік клиникадағы» FISH-зертхана 15 жыл ішінде Түркістан облысындағы нәресте мүгедектігі деңгейін 40 пайызға азайтуға мүмкіндік береді», — дейді № 2 облыстық перинаталдық орталығының басшысы Эльмира Қожахметова.
«AYALA» қайырымдылық қоры – неонатологияға маманданған Қазақстандағы жалғыз ұйым. 18 жыл ішінде қор 2,8 миллиард теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіп, еліміз бойынша 67 балалар реанимациясын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырды.
«Әрбір баланың салауатты өмір сүруге мүмкіндігі болуы тиіс. Almaty Marathon-мен серіктестіктің арқасында біз озық медициналық технологияларды, әсіресе, туу деңгейі ең жоғары өңірде енгізудеміз. Мемлекеттік перинаталдық орталықтарда диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне жаппай қол жеткізу мыңдаған нәрестенің мүгедектігін болдырмауға көмектеседі», – дейді «AYALA» қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.
Айта кетейік, 2025 жылдан бастап «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының кез келген жүгіруіне қатыса отырып, қайырымдылық жобаларды қолдай аласыз. Сонымен қатар тіркелу кезінде жүгірушілер кез келген соманы қайырымдылыққа аудара алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————–
В ТУРКЕСТАНСКОМ ОБЛАСТНОМ ПЕРИНАТАЛЬНОМ ЦЕНТРЕ УСТАНОВИЛИ ЛАБОРАТОРНОЕ ОБОРУДОВАНИЕ ДЛЯ FISH-ДИАГНОСТИКИ
В этом году организаторы Almaty Marathon из корпоративного фонда «Быть первым – мужество» совместно с благотворительным фондом AYALA передали специализированное диагностическое оборудование двум перинатальным центрам Шымкента и Туркестанской области. Средства, направленные на эти инициативы в размере свыше 106 млн тенге были собраны благодаря первоначальным взносам участников Almaty Marathon и вкладам партнеров. Это один из масштабных проектов по снижению детской инвалидности в регионе с самым высоким уровнем рождаемости в Казахстане.
В прошлом году в Туркестанской области родилось более 50 тысяч детей. Это самый большой показатель в Казахстане. Современная медицина позволяет своевременно выявлять врожденные патологии и снижать риск развития детской инвалидности. В частности, проект “Клиника на один день” поможет диагностировать патологию во время беременности, а проект “Я вижу мир” – сразу после рождения.
Реализация новых инициатив корпоративным фондом «Быть первым – мужество» и благотворительным фондом AYALA в Шымкенте и Туркестанской области стартовала в прошлом году. В рамках проекта “Однодневная клиника” фонд передал лабораторное оборудование для FISH-диагностики Туркестанскому областному перинатальному центру №2 стоимостью 79,5 млн тенге. Этот микроскоп выявляет хромосомные аномалии плода на ранних сроках беременности и врожденные патологии, такие как синдром Дауна, Патау, Эдвардса, Шерешевского-Тернера и Клайнфельтера. Проект позволяет будущим мамам за один день получить все углубленные биохимические анализы и экспертное УЗИ за счет ОСМС.
“Данный микроскоп и лабораторное оборудование позволят тысячам беременных женщин своевременно пройти необходимое обследование в нашем центре за счет ОСМС. К концу года более 500 будущих мам области пройдут углубленный пренатальный скрининг. По нашим подсчетам, Fish-лаборатория в «Однодневной клинике» позволит за 15 лет снизить уровень детской инвалидности в Туркестанской области на 40 процентов», — говорит руководитель областного перинатального центра №2 Эльмира Кожахметова.
Благотворительный фонд AYALA – единственная организация в Казахстане, специализирующаяся на неонатологии. За 18 лет фонд оказал финансовую помощь на сумму более 2,8 млрд тенге и оснастил современным медицинским оборудованием 67 детских реанимаций по всей стране.
“Каждый ребенок должен иметь право на здоровый образ жизни. Благодаря партнерству с Almaty Marathon мы внедряем передовые медицинские технологии, особенно в регионе с самым высоким уровнем рождаемости. Массовый доступ к современным методам диагностики и лечения в государственных перинатальных центрах поможет избежать инвалидности тысяч детей”, – говорит основатель и президент благотворительного фонда «AYALA» Айдан Сулейменова.
С этого года поддержать благотворительные проекты может каждый. Для этого нужно принять участие в любом забеге корпоративного фонда “Быть первым – мужество”. Бегуны также могут пожертвовать любую сумму при регистрации.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/990148?lang=kk
Добавить комментарий