
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Сонымен қатар патриотизм мен жауынгерлік рухтың символына айналған мереке күндері елге қорған болып жүрген азаматтарға құрмет көрсету, Отан үшін от кешкен аға буынның рухына тағзым ету, олардың жанқиярлығы мен өшпес ерлігін ұрпақтың жадында жаңғырту дәстүрге айналғанын атап өтті.
– Қазақ – болмысынан жаужүрек халық. Батыр бабаларымыз кең-байтақ жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғады. «Ер – елдің айнасы» дейді. Шын мәнінде, халқымыздың ерлік дәстүрі атадан балаға жалғасып келеді. Қазақ сарбазы қай кезде де елін қорғай білген. Жерінің шетіне жау тисе, жұдырықтай жұмылып бір тудың астынан табылған. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Адамзат тарихындағы осындай сұрапыл соғыс барша елдер үшін үлкен сынақ болғаны сөзсіз. Майданға бір миллион екі жүз мыңнан астам азаматымыз аттанды. Олардың жартысы ұрыс даласынан оралған жоқ. Тыл еңбеккерлері күн-түн демей тер төкті. Осылайша, халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Жеңіс мерекесі ерен ерлікті паш етеді. Сондай-ақ бейбіт өмірдің, бірлік пен ынтымақтың маңызын ұғындырады. Жеңіс күні арқылы ұрпаққа берілетін ең басты тағылым – осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президент Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады.
– Қарулы Күштер еліміздің тәуелсіздігін, тыныштығы мен тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Құқық қорғау органдары заң мен тәртіпті, арнаулы қызметтер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келеді. Құтқарушылар ел-жұрттың амандығы үшін аянбай еңбек етіп жүр. Былтыр біз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын алғаш рет дербес орындауға кірістік. Бұл қадам халықаралық қауымдастықтың Қазақстан армиясына сенімі жоғары екенін көрсетеді. Біз – бейбіт мемлекетпіз. Барлық елмен достық қатынас орнаттық. Даулы мәселенің бәрін саяси диалог арқылы шешу керек деп санаймыз. Мен бұл Қазақстанның мызғымас ұстанымы екенін үнемі айтып жүрмін. Дегенмен қамсыз отыруға болмайды. Армиямыз кез келген сәтте өз міндетін орындауға сақадай сай тұруға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.Президенттің айтуынша, мемлекет Қарулы Күштердің әлеуетін нығайтуға айрықша мән беріп отыр.
– Әскеріміз ең озық қарумен және техникамен жарақтандырылып жатыр. Қорғаныс өнеркәсібі кешені дамып келеді. Жаңа гарнизондар, әскери қалашықтар мен заставалар салынуда. Сарбаздардың әзірлігі мен жауынгерлік машығы әрдайым шыңдалады. Әскеріміздің арнаулы халықаралық жарыстардан жүлдемен оралуы – олардың дайындығы жоғары екеніне дәлел. Әскерилер, арнаулы және құқық қорғау, азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қамтылған. Оларды мемлекет әрқашан қолдайды. Ел қауіпсіздігі мен шекарасын қас қақпай күзету, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету – жауапты әрі қастерлі міндет. Мұны тек кәсіби деңгейі жоғары, ант пен борышқа адал, ел үшін аянып қалмайтын батыл жандар ғана атқара алады. Сондықтан әскерилер, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлері өскелең ұрпақ пен барша халқымыз үшін Отанға адал қызмет етудің үлгісі болуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жиын соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ жоғары мемлекеттік наградалар табыс етті.
——————–
Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии вручения государственных наград, высших воинских и специальных званий, классных чинов
Президент – Верховный главнокомандующий Вооруженными силами Касым-Жомарт Токаев в своем выступлении на торжественном собрании поздравил офицеров и солдат с Днем защитника Отечества.
– Храбрость всегда была отличительной чертой казахского народа. Наши отважные предки силой оружия и величием духа защищали бескрайние земли Великой степи. Не зря говорят, что в героях воплощаются лучшие качества народа. Действительно, традиции воинской славы передавались из поколения в поколение, от отца к сыну. В этом году мы отмечаем 80-летие Великой Победы. Несомненно, самая кровопролитная война в истории человечества стала тяжелейшим испытанием для всех народов. Свыше 1,2 миллиона наших земляков ушли на фронт, более половины из них не вернулись с полей сражений. Труженики тыла все свои силы и энергию отдавали во имя общего дела. Таким образом, казахстанцы внесли неоценимый вклад в Победу. Этот праздник мужества не только демонстрирует, насколько бесценны мирная жизнь, единство и солидарность, но и служит важным уроком для подрастающего поколения, – сказал Глава государства.Касым-Жомарт Токаев назвал сотрудников силовых структур достойными преемниками доблестных предков.
– Вооруженные силы надежно защищают независимость, мир и территориальную целостность страны. Правоохранительные структуры поддерживают законность и порядок, а специальные органы обеспечивают национальную безопасность. Нелегкий труд спасателей направлен на сохранение жизни и здоровья наших граждан в чрезвычайных ситуациях. В прошлом году Казахстан впервые развернул самостоятельный контингент в составе миротворческой миссии Организации Объединенных Наций. Этот шаг продемонстрировал высокий уровень доверия международного сообщества к нашей армии. Казахстан – мирное государство, поддерживающее дружественные отношения со всеми странами. Мы убеждены в том, что все спорные вопросы должны решаться исключительно на основе политического диалога. Мы неизменно придерживаемся данной позиции, о чем я не раз заявлял. Но это не значит, что мы должны самоуспокаиваться. Наша армия должна быть готова к выполнению своих задач в любой момент, – подчеркнул он.По словам Президента, государство уделяет особое внимание укреплению потенциала Вооруженных сил.
– Наши войска оснащаются передовым вооружением и техникой. Развивается оборонно-промышленный комплекс. Возводятся новые гарнизоны, военные городки и заставы. Постоянно повышается слаженность и боевая выучка солдат. Свидетельством отличной подготовки наших бойцов являются призовые места на специализированных международных состязаниях. Военнослужащие, сотрудники специальных и правоохранительных структур, органов гражданской защиты имеют широкие социальные гарантии, будут всегда пользоваться безусловной поддержкой государства. Обеспечивать безопасность страны и нерушимость границ, стоять на страже Закона и Порядка – ответственная и благородная миссия. Она требует высокого профессионализма, полной отдачи, непоколебимой верности долгу и присяге. Военнослужащие, спасатели и сотрудники силовых органов должны быть примером верного служения Отечеству для подрастающего поколения и всех граждан нашей страны, – подытожил Глава государства.
В завершение мероприятия Касым-Жомарт Токаев присвоил высшие воинские и специальные звания, классные чины, а также вручил государственные награды военнослужащим, спасателям и сотрудникам силовых структур.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/990157?lang=kk
Добавить комментарий