МАҚТААРАЛДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ 1500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ
Мақтаарал ауданында санитарлық-экологиялық тәртіпті сақтау мәдениетін арттыруға бағытталған тазалық шарасы өтті.
Іс-шараға аудан тұрғындары, жергілікті әкімдік өкілдері, коммуналдық мекемелердің қызметкерлері және еріктілерден 1429 адам қатысқан. Сондай-ақ, 13 арнайы техника жұмылдырылып, 17,5 тонна күл-қоқыс шығарылған.
Одан бөлек, 39 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарының бойы тазартылып, айналаны көркейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Мұндай ауқымды сенбіліктер аудан халқының қоршаған ортаға деген жанашырлығын арттыруда үлкен рөл атқарады. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын таппақ. Аудан әкімдігі осындай игі бастамаларға барлық тұрғындарды белсенді қатысуға шақырады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/989003?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ