ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ
Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь қолға алынды. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана (душымен) орнатылады. Бұл бастама өңірдегі балалардемалысын ұйымдастыру ісіндегі басты түйткіл — орын тапшылығы мен санитарлық талаптардың сақталмауы мәселелерін шешуге бағытталған. Модульдік конструкциялар — қазіргі заман талабына сай, тез орнатылатын, экологиялық әрі тиімді шешім. Бұл тәсіл әсіресе жаз мезгілінде балаларды жылдам әрі сапалы түрде жайғастыру үшін өте қолайлы.
Атап айтқанда, «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерьлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда мыңнан астам баланы қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерьлерде 10 мыңға жуық бала демалады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жатын орындармен қатар, санитарлық тораптар мен асханалар да дайындалуда.
Бұл маңызды жобаны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тікелей бақылауға алып, тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалауды жүктеді. Ал облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы барып, лагерьлердің маусымға дайындығын пысықтады. Ол әсіресе қауіпсіздік, санитарлық тазалық және тәрбиешілердің біліктілігіне баса назар аударды.
Сондай-ақ, жазғы сауықтыру кешендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқындыжүргізілуде. Өңірдегі «Самал» жазғы сауықтыру лагері 20 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Мұнда терезелер мен есіктер жаңартылып, ішкі әжетханалар орнатылып, ғимаратқа сырлау және әктеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Жалпы алғанда, Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам бала 31 жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыспен қамтылады. Балаларға арналған бұл демалыс тек тынығу емес, сонымен қатар тұлғалық, шығармашылық және рухани дамуға бағытталған маңызды кезең. Осыған орай лагерьлерде әр күнге жоспарланған ойын-сауық, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Түркістан облысының балалары жазғы сауықтыру кезеңі басталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВПЕРВЫЕ РЕАЛИЗОВАН ПРОЕКТ МОДУЛЬНОГО ЛАГЕРЯ
В этом году в Туркестанской области впервые внедрён проект модульного лагеря. В летних оздоровительных лагерях 5 районов региона будут установлены 54 модульных спальных блока, 2 столовые и 4 туалета с душевыми. Эта инициатива направлена на решение главных проблем в организации детского отдыха — нехватки мест и несоблюдения санитарных требований. Модульные конструкции — это современное, быстро устанавливаемое, экологичное и эффективное решение. Такой подход особенно удобен для быстрого и качественного размещения детей в летний период.
В частности, модульные блоки, которые будут установлены в лагерях «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» и «Балдәурен», позволят принять более тысячи детей за одну смену. Всего же в летний сезон в этих лагерях планируется отдых для около 10 тысяч детей. В настоящее время наряду со спальными местами готовятся санитарные узлы и столовые.
Этот важный проект находится под личным контролем акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова, который поручил следить за своевременным выполнением всех задач. Заместитель акима области Бейсенбай Тажибаев лично посетил лагеря, чтобы проверить их готовность к сезону. Особое внимание он уделил вопросам безопасности, санитарной чистоты и квалификации воспитателей.
Также в летних оздоровительных комплексах активно ведутся текущие ремонтные работы. Лагерь «Самал», один из старейших в регионе, впервые за 20 лет прошёл капитальный ремонт: были обновлены окна и двери, установлены внутренние туалеты, проведены покрасочные и побелочные работы.
В целом в этом году в Туркестанской области более 41 тысячи детей будут охвачены отдыхом в 31 летнем оздоровительном лагере. Этот отдых для детей — не только возможность восстановить силы, но и важный этап в личностном, творческом и духовном развитии. В лагерях ежедневно будут проводиться развлекательные, культурные и спортивные мероприятия. Отметим, что летний оздоровительный сезон для детей Туркестанской области стартует с 1 июня.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/990141?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ