Жамбыл төрінде 7 мамыр – Отан қорғаушы күні ерекше салтанатпен аталып өтті. Бұл мерейлі шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев арнайы қатысып, ел тыныштығын күзеткен ерлерге құрмет көрсетті.
Тараздың жүрегіндегі Баласағұн орталық концерт залында өткен мерекелік жиынға құқық қорғау және күштік құрылымдардың өкілдері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары жиналды.
Облыс басшысы мен мәслихат төрағасы жиналған жұртшылықты Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, ерлік пен елдік – егіз ұғым екенін атап өтті.
Мерекелік жиында жылдар бойы тынымсыз еңбек етіп, аймақ дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табысталды.
Кеш соңында патриоттық рухты көтеретін концерттік бағдарлама ұсынылып, көрермендер ерекше әсермен тарқасты.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl/press/news/details/990723?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ