Панфилов ауданында сауда орындарының қауіпсіздігі талқыланды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жетісу облысының Панфилов ауданында жекеменшік сауда және қоғамдық тамақтану нысандарының қауіпсіздігін арттыру мәселелері бойынша арнайы жиын өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының аудандық филиалының ғимаратында ұйымдастырылды.

Жиынға тамақтану нысандарының иелері мен басшыларынан бөлек, аудан әкімдігі мен полиция бөлімінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында кәсіп иелеріне Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерге қатысты қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ террористік акт қаупі туындаған жағдайда жұмысшылардың әрекет ету тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Мамандар қатысушыларға нақты іс-қимыл алгоритмдері жазылған жадынамалар таратып, туындаған сұрақтарға жауап берді. Аталған шараның басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру.

 

Материал Жетісу облысының ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990235?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version