
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Сарқан ауданында ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген ер азаматтар арасында ұлттық спорт – қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы Байгунусов арнайы қатысып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол: «Отан алдындағы парызын адал атқарып жүрген ерлер – елдің қорғаны. Бүгінгі дода – батырлық пен бірліктің белгісі, рухты көтеретін игі шара. Баршаңызға сәттілік тілеймін!» – деп жүрекжарды лебізін білдірді.
Жарыс 75 кг, 85 кг және 90 келіден жоғары үш салмақ дәрежесінде өтті.
Қатысушылар қатарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық полиция бөлімі, шекара қызметі және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері болды. Тыныштық пен тәртіп күзетінде жүрген осы сала майталмандары боз кілемде де өз мықтылықтарын дәлелдеп, нағыз жігітке лайық өнер көрсетті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-almaly/press/news/details/991291?lang=kk
Добавить комментарий