Онлайн форматта облыстық семинар-кеңес өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Павлодар облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қатысуымен «Қоршаған орта объектілерінен санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу барысындағы өзекті мәселелер. Қалалық және аудандық аумақтық басқарма мамандары үшін сынамаларды іріктеу әдістері мен тәсілдері» тақырыбында онлайн форматта облыстық семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес барысында атмосфералық ауаға, ауыз сумен жабдықтауға, су қоймаларына, топыраққа санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу тәртібі жарияланды.

Атмосфералық ауаға, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен ауыз суға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері жарияланып, мониторинг барысында туындаған түйткілді мәселелер де айтылды.

Павлодар облысы «ҰСО» ШЖҚ РМК филиалының сынама алу бөлімінің маманы санитарлық-химиялық көрсеткіштерге топырақ сынамаларын іріктеу әдістемесін айтты. Барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/989816?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *