Мәселе. Перспектива. Тәжірибе.

Опубликовано:

Автор:

в категории
2 мамыр күні Тасмола жалпы орта білім беретін мектебі базасында аудандық дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.
🎯 Семинардың мақсаты– педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жеке даму траекториясын қалыптастыруға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.
📌 Семинарға аудан мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысып, келесі тақырыптарда тың ақпараттар мен тәжірибе алмасты:
🗣️ Баяндамашылар:
– Шакиров Талғат Елеуович– Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің әдіскері
– Кужиева Аида Руслановна – аудандық әдіскер
– Амангереев Марат Жақсығалиевич – Ащысай МББК мұғалімі
– Файзуллин Бекболат Елеубайұлы– Тасмола ЖОББМ мұғалімі
📚 Тақырыптар:
– «Дене шынықтыру сабағындағы бағалау»
– «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру»
– «Эстафеталық ойындар» тәжірибелік бөлім
– «Ұлттық спортты дамыту – ел болашағына үлес» мазмұнды баяндама
🔁 Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өзара тәжірибе бөлісіп, білімін жетілдіруге бағытталған жаңа идеялармен толықты.
👏 Барлық қатысушылар мен спикерлерге алғыс білдіреміз! Осындай шаралар мұғалімдердің кәсіби дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-chingirlau/press/news/details/989804?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *