Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қызметкерлер арасында Жеңіс күні қарсаңында «Менің отбасымдағы соғыс жауынгері …» атты Ұлы Отан соғысындағы отбасылық естеліктер жариялануда.
Май ауданы Абай ауылының тумасы Әзімбай атамызды жыл сайын 9 мамырда Жеңіс күнінде құттықтайтынбыз. Ол болса, бізге Ұлы Отан соғысы кезіндегі көрген қиыншылықтарымен бөлісетін.
1939 жылы атамыз әскерге шақырылды. Қысқа дайындықтан кейін 29 дербес артиллерия бригадасының құрамында фин соғысына қатысты. Кейін Балтық бойындағы республикаға еніп, Каунаста әскерлік қызметте болды. Үйге қайтамыз деп тұрған бетте, Ұлы Отан соғысы басталып, 900 күнге созылған қан майданында болды. Балтық майданы құрамындағы арт бригада Кенигсбергті алуға қатысқанын айтып отыратын. Атамның көздері сұрапыл жылдардың ауырпалығын айқын байқатты. Сондықтан да бұл үнсіздікті ешкім бұза алмайтын еді. Майдан жолдар атамның омырауына «Қызыл жұлдыз», үшінші дәрежелі Отан соғысының орденімен «Ерлігі үшін, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Әзімбай атамның дүниеден өткенніне 21 жыл болды. Жеңіс күнінің мерекесін көре алмай кеткені өкінішті. Бірақ «Ерлік –ерге мұра, ұрпаққа-ұран» демек, біз артында қалған немере-жиендері, балалары соның ішінде мен де кеудемде сәулем барда Әзімбай атам есімін мәңгілік ардақтап өтпекпін.
Аксу қ. №10-ӨСБ бөлімше старшинасы
Балғабек Әзімбәев
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/991443?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ