Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін 3 (үш) маңызды мәселе қаралды:
- Көктемгі егін жұмыстары, су үнемдеу технологияларын енгізу, жылыжайлар мен көкөніс қоймаларын салу туралы;
- Кіріс көздерін ұлғайту, қосымша кіріс көздерін табу, берешек салықтарды өндіру туралы;
- “Қазығұрт су шаруашылығы” МКК-нің жылдық есебі туралы;
Мәжіліс соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов қаралған әрбір мәселе бойынша жауапты басшыларға нақты мерзім мен міндеттер белгілеп, жұмыстың орындалу сапасына ерекше мән берілетінін жеткізді.
Сонымен қатар мәжілісте көтерілген мәселелер – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін нақты салалар. Сондықтан әрбір шешім қабылданғаннан кейін сөз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде нақты орындалуы тиіс. Бұл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз, – деді аудан басшысы.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/990563?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ