
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы асқақтап, Жеңіс жалауы желбіреген күн!
Осы күні сұрапыл соғыста опат болған, дүниеден өткен жауынгерлерімізді еске алып, арамызда жүрген майдангерлеріміздің алдында бас иеміз.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға береке, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін!
Ізгі тілекпен,
мәслихат төрағасы Н.Хайруллин
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayterek/press/news/details/991358?lang=kk
Добавить комментарий