ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы штабынан келген сарапшылардың Маңғыстау облысы әкімдігіне әдістемелік-тәжірибелік іс-сапары туралы

Опубликовано:

Автор:

в категории

Маңғыстау облысы әкімдігінде, әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы штабы сарапшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналыстың басты мақсаты ҚР ҰҚК ТҚО Штаб сарапшыларының тарапынан әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету, білім, спорт саласының жол картасының орындалe барысы, кешенді жоспардың, оның ішінде тәуекел топтарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тәртібі мен маңыздылығы туралы көмек көрсету.

Әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету аясында облыстық терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімі, дін істер басқармасы, білім дене шынықтыру және спорт басшыларымен терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағыты бойынша өзекті мәселелер көтерілді. 

Жиналыс қортындысы бойынша қатысушыларға сын-пікірлер білдіріліп, жұмысты жандандыру бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

 

Материал Маңғыстау облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990352?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version