Құттықтау

Опубликовано:

Автор:

в категории
Құрметті жерлестер, достар, әріптестер!
 
Баршаңызды алда келе жатқан қос мереке — 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
 
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні – мемлекеттілігіміздің берік тірегі саналатын Қарулы Күштерімізге құрмет білдіретін маңызды мереке. Заманауи негізде жасақталған айбынды армия – ел қорғаны, бейбіт өміріміздің кепілі.
 
Жеңіс күні – халқымыздың қаһарман ұл-қыздарын, олардың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін дәріптейтін айырықша мереке. Біз бүгінгі бейбіт те берекелі өміріміз үшін ерлік пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсеткен ардагерлерімізге, аға буын өкілдеріне мәңгі қарыздармыз. Олардың ерлігі – елге үлгі, ұрпаққа өнеге.
 
Қан майданда жанын шүберекке түйіп, ел үшін от кешкен батыр бабаларымыздың рухына бас иіп, тағзым етеміз. Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы, гүлденіп, көркеюі, қаламыздың дамуы – бейбіт өмірдің, ынтымақ пен татулықтың жемісі. Қазіргі жас ұрпақ осынау қасиетті мұраны сақтап, ел бірлігін нығайта беруі тиіс.
 
Баршаңызды Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, халқымызға береке-бірлік, ашық аспан тілеймін. Ел аман, жұрт тыныш болсын!
 
Ізгі ниетпен,
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы
Әлихан Қуатбеков

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/991039?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version