Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУДАН ЖАРЫС ӨТТІ
✔️Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Кентау қаласының Хантағы ауылында ерекше форматтағы тазалық шарасы ұйымдастырылды.
✔️«Қаратау қорығы» аумағында өткен бұл шара – жүгіріп жүріп қоқыс жинау, яғни плоггинг түрінде өтті. Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, жастарды экологиялық сауаттылыққа баулу және тұрғындардың табиғатқа жанашырлығын арттыру.
✔️Іс-шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов арнайы қатысып, табиғатты аялауға белсенді үлес қосқан барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде қоршаған ортаның тазалығы – адам өміріндегі басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті.
✔️Жарысқа қаладағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, қалалық мәслихат депутаттары, колледж студенттері мен еріктілерден құралған 35 команда қатысты. Плоггинг барысында 15 арнайы техника жұмылдырылып, 300-ден астам қап қоқыс шығарылды. Жалпы шараға 500-ден астам адам атсалысты.
✔️Тазалық эко-жарысының қорытындысы бойынша белсенділік танытқан командалар жүлделі орындарға ие болып, Кентау қаласының әкімі Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/989013?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *