“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОНИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АУДАНЫМЫЗДА ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Аудан әкімі А.Қарсыбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында қала, ауылдық округтерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, аудан тұрғындары, мекемелер, ұйымдар, жастар, еріктілер мен қоғамдық жұмысшылардан 20 780 белсенді қатыстырылып, 524 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар, арам шөптер шығарылды. Ауданды көгалдандыру мақсатында көктемгі маусымға 20150 көшет отырғызылып, Шардара-Келес, Шардара-Жетісай, Шардара-Арыс облыстық маңызы бар күре жол бойына тазалық жұмыстары жүргізіліп, 178 шақырым аяқ жолдарды және 163 шақырым ирригация жүйелері тазаланып, 332 рет қоқыс шығаруға арнайы техника қатыстырылды.
Аудан тұрғындарын тазалыққа шақыру мақсатында еңбек ардагерлері, мәдениет, спорт саласының үздіктері және белсенді жастардың әлеуметтік желілері арқылы үндеулер және апта сайын бұқаралық ақпараттық құралдары мен әлеуметтік желілерге халықты белсене қатысуын ынталандыру мақсатында мақалалар мен бейне роликтер жариялануда.
Бүгін, ұйымдастырылған сенбілікке қала, ауылдық округтерден мемлекеттік мекемелер, ерікті жастар, тұрғындар және қоғамдық жұмысшылардан мың бес жүзге жуық белсенді қатысып ретсіз өскен арамшөптері қырқылып, қоқыс шығаруға 29 техника тартылып 49 тонна қоқыс арнайы полигонға төгілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/989136?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *