ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
✔️Елімізде жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі 3,1%-ды құраса, ең төменгі көрсеткіштердің бірі Түркістан облысына (2%) тиесілі. Түркістан облысында жастар саны 671 мыңнан асады. Олардың 500 мыңнан астамы ауылда тұрады. Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 6 мыңнан астам маңызды іс-шара өткізілген. Нәтижесінде өткен жылы 8 мыңға жуық жас тұрақты жұмысқа тұрды. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстарға басымдық берілмек.
✔️Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегі жастар саясаты, жас өскінге қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Ел дамуына үлес қосатын жас ұрпақты білімді, мәдениетті, денсаулығы мықты әрі бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу бағытындағы қолдау жолдары сараланды. Өңір басшысы жастарды қолдаудың кретивті жолдарын қарастырып, нақты нәтиже беретін бағыттарын жүзеге асыруды тапсырды.
✔️Жиын барысында Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев баяндама жасады. Оның айтуынша, NEET санатындағы жастардың үлесі өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 6,4% – ға төмен (39 205 жас). 2025 жылы 30% – ға төмендету көзделіп отыр. NEET – бұл 16-24 жас аралығындағы жұмыс және оқу орны жоқ заманауи жастар. Олардың үлесін азайту мақсатында 13 мемлекеттік бағдарламаны қамтитын жол карта әзірленген. Өңірде NEET жастарының деректер базасы құрылып, олардың мәселесін шешу жолдары қарастырылды.
✔️Өңірде «Отбасының цифрлық картасы» жобасы іске қосылды. Жастарды жұмыспен қамту және оқыту шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. «Серпін-2050» жобасы бойынша еліміздің Солтүстік өңірлердегі 17 жоғары оқу орындарына 2024 жылы 802 түлек грантқа түсті. Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, кәмелет жасына толмаған жастар арасындағы орын алған қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 10 оқиғаға азайған.
📌– Бұл жұмыстардан нақты нәтиже шығару керек. Жастардың проблемаларына назара аудару, шешу шаралармен шектеліп қалмауы тиіс. Басқа өңірлер мен көрші мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, тиімді жобалаларды өңірде жүзеге асыру керек. Жастар тәрбиесі – баршаға ортақ іс. Тәрбиелі де білімді, саналы да мәдениетті ұрпақ – мемлекеттің берік тірегі. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, білім қууға, имандылыққа тәрбиелеуге бар күш-жігерді бағыттау маңызды. Тек статистикаға ғана емес, нәтижеге жұмыс істеу керек. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет. Жұмыссыз жастармен жүйелі жұмыстар жүргізілсін. Сапалы білім беру, өмірге бейімдеу, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жас ғалымдарды қолдау секілді маңызды шараларға басымдық берілу керек, – деді облыс әкімі.
✔️Облыстың білім беру ұйымдарында арнайы балаларға қатысты түрлі жағдайлардың алдын алу мақсатында 1143 мектепке «111-QR» сенім кодтары орнатылған. Облыс бойынша 127 волонтерлік ұйым және волонтерлік 36 желі фронт-офистері жұмыс істейді. Qazvolunteer.kz ұлттық волонтерлік ұйымға 17 мыңнан астам белсенді жас мүше.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ РЕАЛИЗУЮ НОВЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ПОДДЕРЖКИ МОЛОДЕЖИ
✔️Уровень безработицы среди молодежи в стране составляет 3,1%. Один из самых низких показателей приходится на Туркестанскую область – 2%. В регионе проживает 671 тыс. молодых человек, более 500 тысяч из них – в сельской местности. В целях реализации государственной молодежной политики в области проведено более шести тысяч значимых мероприятий. В результате в прошлом году на постоянную работу было трудоустроено около восьми тысяч молодых людей. В этом году работа в этом направлении продолжится.
✔️Сегодня на совещании под председательством акима области Нуралхана Кошерова обсудили вопросы реализации в регионе молодежной политики. Проанализированы пути поддержки подрастающего поколения в направлении образования, культуры, здорового образа жизни и конкурентоспособности. Глава региона поручил проработать альтернативные пути поддержки молодежи и реализовать те направления, которые дают реальные результаты.
✔️В ходе совещания с докладом выступил руководитель областного управления общественного развития Ерлан Кузембаев. По его словам, доля молодежи категории NEET снизилась на 6,4% по сравнению с прошлым годом (39 205 чел.). В 2025 году планируется снижение этого показателя на 30%.
✔️Напомним, NEET – это молодежь в возрасте от 16 до 24 лет, не обеспеченная образованием и занятостью. В целях снижения их доли разработана дорожная карта, включающая 13 государственных программ. В регионе создана база данных молодежи NEET, рассмотрены пути решения проблем.
✔️В регионе запущен проект “Цифровая карта семьи”. Активно проводятся мероприятия по трудоустройству и обучению молодежи. В частности, по проекту “Серпін-2050” в 17-ти вузах северных регионов страны в 2024 году на гранты поступили 802 молодых жителя нашего региона. По данным департамента полиции Туркестанской области, по сравнению с прошлым годом количество преступлений среди несовершеннолетних снизилось на 10 случаев.
📌”Из этих работ нужно извлечь реальный результат. Внимание к проблемам молодежи, решение проблем не должно ограничиваться действующими мерами. Нужно изучить опыт других регионов и соседних государств и реализовывать эффективные проекты. Воспитание молодежи – общее дело. Воспитанное, образованное, сознательное и культурное молодое поколение – прочная опора государства. Важно направить все усилия на воспитание патриотизма, знаний, нравственности молодых казахстанцев. Нужно работать не только над статистикой, но и над результатами. Необходимо принять комплекс мер по профилактике правонарушений среди молодежи, вести системную работу с безработной молодежью. Надо уделять приоритетное внимание таким важным мерам, как качественное образование, адаптация к жизни, развитие молодежного предпринимательства, поддержка молодых ученых, – сказал аким области.
✔️Отметим, в в 1143 школах области, в целях предупреждения фактов нарушения прав обучающихся, установлены коды доверия 111-QR. По области работают фронт-офисы 127 волонтерских организаций и 36 волонтерских сетей. В Национальной волонтерской организации Qazvolunteer.kz насчитывается более 17 тысяч молодых активистов.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/988317?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ