
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ МАЖАРСТАННЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАУЫТ АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мажарстан мемлекетінен келген делегациямен кездесіп, келіссөз жүргізді. Кездесуде Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке мен Сыртқы сауда бойынша дипломатиялық өкілі Иштван Тибор Ковач және «UBM GROUP» компаниясының басшылығы жаңа жобалар бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.
✔️Мажарстан елінің жетекші компанияларының бірі Түркістан облысы аумағынан заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Тараптар өзге де жобалар бойынша әріптестік орнатып, талқылауға дайын.
✔️Аймақ басшысы бірлескен кәсіпорынның Түркістан облысында салудың артықшылығы мен тиімді тұстарын атап өтті. Бірегей зауыттың өнімі ішкі нарыққа және көрші елдерге экспортталмақ. Жылдық қуаты – 200 000 тонна.
✔️Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Венгриядағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар, Венгриядағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ең ірі трейдерлерінің бірі. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Өнімдерін 15 елге экспорттайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____
НУРАЛХАН КУШЕРОВ ПРОВЕЛ ПЕРЕГОВОРЫ С ГЕНЕРАЛЬНЫМ КОНСУЛОМ ВЕНГРИИ ПО ОТКРЫТИЮ НОВОГО ЗАВОДА В ТУРКЕСТАНЕ
✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился и провел переговоры с делегацией из Венгрии. На встрече генеральный консул Венгрии в Алматы Саболч Карой Секе, дипломатический представитель по внешней торговле Иштван Тибор Ковач и руководство компании UBM GROUP обсудили ряд вопросов по новым проектам.
✔️Одна из ведущих компаний Венгрии планирует построить комбикормовый завод современного типа на территории Туркестанской области. Это даст толчок мощный развитию сельского хозяйства, будут созданы новые рабочие места. Стороны готовы сотрудничать и по другим проектам.
✔️Глава региона отметил преимущества строительства совместного предприятия в Туркестанской области. Продукция завода будет экспортироваться на внутренний рынок и в соседние страны. Годовая мощность – 200 тысяч тонн.
✔️Отметим, сеть компаний UBM Group, основанная в 1996 году, является ведущим производителем кормов в Венгрии. Компания производит 450 тысяч тонн продукции в год. Имеет четыре комбикормовых завода, является одним из крупнейших торговцев растениеводческой продукцией в Венгрии. Оборот торговли зерном и масличными культурами составляет 1,5 млн тонн в год. Продукция экспортируется в 15 стран.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/989676?lang=kk
Добавить комментарий