«Мәңгілік ерлік – ұрпаққа үлгі»: БҚО-да Ұлы Жеңіс 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық ойыны өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы — Қазақстан үшін ерекше тарихи кезең. Осы айтулы дата аясында жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Мәңгілік ерлік – ұрпаққа үлгі» атты облыстық әскери-патриоттық ойыны ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізілді.

Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында ерлік, қайсарлық және Отанға деген құрмет сезімін ояту — бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі. Жастардың өскелең ұрпақтың әлеуетін дамытуда рөлі зор. Бұл ойынның негізгі мақсаты — жастарға әскери дағдыларды үйрету, олардың физикалық, тактикалық және зияткерлік қабілеттерін арттыру, сондай-ақ еліміздің тәуелсіздігі мен еркіндігін қорғаған батырларымызды үлгі ету, сонымен қатар Ұлы Жеңістің тарихын дәріптеу және оның маңызын бүгінгі ұрпаққа жеткізу.

Бұл облыстық ойынға Батыс Қазақстан облысындағы 16 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Ойын бағдарламасы қатысушылардың әскери дағдылары мен физикалық дайындығын тексеретін түрлі сайыстардан құралған. Олар 5 бағыт бойынша сынға түсті. Жарыс барысында әрбір қатысушының қабілеті мен дайындығы нақты сыналды.

Яғни, пневматикалық винтовкадан ату жаттығуы, АК-74 бөлшектеу және жинау, кермеге тартылу, арқаға жатып, дене көтеру, әскери киімді дұрыс әрі шапшаң кию, т.б. жаттығу түрлері қамтылды.

Ойын бағдарламасы тек әскери жаттығулармен шектеліп қалмады. Іс-шара аясында қонақтар мен қатысушыларға патриоттық әндер мен театрландырылған көріністер ұсынылды. Көркем өнерпаздар ұжымдары өздерінің өнерлерін паш етіп, жастардың бойында ұлттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілікті оятады. Бұл бөлім жастарға Отан алдындағы жауапкершілікті сезіндіріп, батырларымыздың ерліктерін еске түсіреді.

“Ұлы Жеңістің 80 жылдығы — еліміздің тарихындағы ерекше кезең, сондықтан оны ұрпақтар арасында құрметпен есте сақтау маңызды. Бұл іс-шара арқылы біз жастарға Отанға деген сүйіспеншілік пен батырларымыздың ерлігін үлгі етеміз”-  деп, Болатбек Сахиев“Ғасыр”жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы атап өтті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/989488?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version