Ұлы дала 15 шағын ауданы аумағында жылу құбырын кеңейту жұмыстары

Опубликовано:

Автор:

в категории

«Ұлы Дала» шағын ауданы аумағында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 110 көпқабатты тұрғын үй бар. Сонымен қатар, 22 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Бұл өз кезегінде жылу желілеріне түсетін жүктемені арттыруда.

 🔹Осыған орай, 2023 жылы қала әкімдігімен «Тараз қаласы, 15 шағын ауданының магистральдық және ішкікварталдық жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін кеңейту» жұмыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын.

📌Бүгінде аталған жұмыс жобасына сәйкес «Ұлы Дала» (15) шағын ауданы аумағында жылу құбырын кеңейту жұмыстары жүруде. Құрылыс жұмыстарының мердігері – «СК-АВС» ЖШС.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/988633?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *