Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

 
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер кезегі, көшеге жаяу жүргінші жолын және аялдама орнату, асфальт төсеу мәселесі бойынша сауалдар қойды.
Сонымен қатар қураған, ретсіз өскен талдарды кесу, қоқыс алаңшасының уақытылы тазаланбауы және жеке кәсіпкерлікпен айналысуға тиісті көмек көрсету бойынша мәселелер көтерді.

 

Қала тұрғындарының сұрағын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/988595?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *