Арыс ауданында «Ы.Алтынсарин» атындағы жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Ғаламтордағы қауіпті діни уағызшылар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің мақсаты – діннің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның әлеуметтік үйлесімділікке, тұрақтылыққа және жеке тұлғаның рухани дамуына тигізетін әсері туралы пікір алмасу болып табылады.
Кездесу барысында дін мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, діни толеранттылықты арттыру және жастар арасында дұрыс рухани бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсен арнайы шақыртылып, жастардың ұлттық бірегейлігін сақтап, дәстүрлі дініміз бен мәдени құндылықтарымызды жастарға жеткізудегі маңызды мәселерді атап өтті.
Кездесуді ұйымдастырушылар оқушылар мен қызметкерлерге радикалды идеологияның әсерінен орын алып жатқан терроризм қауіпі туралы және алдын-алу бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы сөз қозғады.
Кездесуге қатысушыларға дәстүрлі діннің мейірімділік, адамгершілік, сабырлылық пен әділдік секілді құндылықтар адамның ішкі дүниесін байытатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Жиын барысында тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/989325?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ