
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»” мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі арқылы. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) жер учаскесінің кадастрлық құны актісінің көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Толық ақпаратты Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.
Мекен – жайымыз: Малыбай ауылы, Розбакиев көшесі №39 а
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 5-07-22.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-malybai/press/news/details/962877?lang=kk
Добавить комментарий