
Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 18 – сәуірінде Жамбыл орта мектебінің базасында жастардың патриоттық сезімін ояту, салауатты өмір салтын насихаттау; әскери қызметтің беделін арттыру; әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздік оқытушы-ұйымдастырушысы Рысаков Мирас Шакенұлын еске алуға арналған әскери-қолданбалы спорт түрлерінен аудандық жарыс өтті. Жарысқа жиыны 14 команда қатысты.
Нәтижесінде:
🥇орын Маяковский атындағы орта мектебінің командасы, жаттықтырушысы – Сарсембай Жарас Серікқанұлы;
🥈орын Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің командасы, жаттықтырушысы – Кушербаева Гулжан
Мирадовна;
🥈орын Георгиевка орта мектебінің командасы, жаттықтырушысы – Рахимгалиев Даулетказы Мухтарханович;
🥉орын П. Карелин атындағы орта мектебінің командасы, жаттықтырушысы – Рахметов Сабыржан Тлеубердинович.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/garma-roo/press/news/details/979694?lang=kk
Добавить комментарий