РУСЛАН ЕСЕНАЛИН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, қаладағы бірқатар спорт нысандарының жұмысымен танысты.

Сапар барысында Руслан Бахыттыұлы алдымен Қызылорда қаласының сол жағалауында салынып жатқан 11 мың орындық жаңа стадионның құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Бұдан кейін құны 3,4 млрд теңге болатын Үстел теннисі орталығында болып, жаңа нысанның қазіргі жүйелі жұмысына оң бағасын берді. Сонымен қатар, жақында ғана Қазақстан халқына қоғамдық қорының демеушілігімен бой көтеріп жатқан жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын көзбен көрді.

Комитет төрағасы сондай-ақ, “Мұз айдыны” ШЖҚ КММ орталығына және Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжіне арнайы барды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/980679?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *