Облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасы аясында «Ғалымнан ілім» және «Шеберден олжа» бағыттары негізінде педагог – зерттеушілер дәріс өткізді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 27-наурызында облыстық «Мерейлі ұстаз» жобасы аясында «Ғалымнан ілім» және «Шеберден олжа» бағыттары негізінде Георгиевка орта мектебінің базасында бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, физика, математика, химия, биология, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, дене шынықтыру пәндері мұғалімдеріне, жас мамандарға, нысаналы мектептердің педагогтеріне каскадтық оқыту әдісі бойынша дәрістер ұйымдастырылып, дәрісті педагог – зерттеушілер өткізді.
Мақсаты: Білім беру жүйесінде педагог құзіреттілігін жетілдіру, шығармашылық әлеуетін дамыту, күрделі тақырыптарды оқытуда үздік тәсілдерді қолдану арқылы практикалық тәжірибелерін арттыру.
Оқытуда әр педагог нақты бір күрделі тақырыптарды түсіндіруде кездесетін қиындықтарды, оқиғаларды тереңірек түсіну және түсіндіру үшін тиімді әдістерді, амалдарды пайдалану арқылы қатысушы педагогтермен бірге талдай отырып, күрделі тақырыптарды түсіндіру әдістерінде үздік тәсілдерді анықтап, бір – бірімен тәжірибе алмасты, сол арқылы педагогтер арасында кәсіби қарым – қатынас орнады.
Нәтижесінде: теориялық түсіндірмелер, практикалық жаттығулар, білім мен дағдыларды қалыптастыруда тиімді шешімдер қабылданды.
Семинар соңында шеберлік сыныптарын өткізген пән мұғалімдеріне арнайы сертификаттар берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/garma-roo/press/news/details/969593?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *