
Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы қарсаңында жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Сүндетқали Есқалиевтің жерленген жері Белоруссия Республикасы, Могилев облысы, Быховск ауданына барып келген аудан делегациясын қабылдады. Сапар барысында жерлес батырымыз Сүндетқали Есқалиевтің рухына құран бағышталып, батыр зиратына ескерткіш тақта қойылды. Бұл игі істі абыроймен атқарып келген аудандық делегация құрамы – аудандық музей директоры Тілеген Қалиев, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығынан Мирас Айболатов, ауданымызда ұзақ жыл еңбек еткен бірқатар зейнеткерлеріміз Сағынғали Имашев, Рысжан Тұрмағамбетов, Мырзаболат Қуанаев, Надежда Хрипченко бар.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/979810?lang=kk
Добавить комментарий