
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қазақстан ауылында Уәлихан мазарының маңында, Зеренді ауданының әкімдігі және Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығымен бірлесе, тазалық жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, ауданға қарасты 16 тарихи ескерткіштер бар. Акцияға Ақмола облысы мәдениет басқармасының “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы” КММ директоры Жасулан Укеев,«АМАNАТ» партиясының Зеренді аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Ақмола облысы мәслихатының депутаты Қайрат Ауғалиев, Зеренді ауданы әкімнің орынбасары Қанат Жүсіпов және мәдениет бөлімі тілдерді дамыту орталығының қызметкерлерімен, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Жанболат Кәкенұлы және тұрғындар қатысты.
Бұл акция Зеренді ауданының барлық ауылдық округтерінде өтуде. Мақсатымыз – табиғатты қорғау, тарихи жерлерге құрметпен қарау және өскелең ұрпаққа үлгі көрсету.
Барша тұрғындарды осы игі іске белсене қатысуға шақырамыз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/974155?lang=kk
Добавить комментарий