
Бүгін, яғни 18 наурыз 2025 жылы Нұра ауданының Нұра кентінде жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық Мұқағали Мақатаев оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылар арасында М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Әр бағытқа 1 оқушы, әр мектеп бойынша барлығы 3 үміткер ұсынылды. Бүгін мұзбалақ ақынның шығармаларына сусындап өскен жастар поэзия бәйгесінде бақ сынады. Байқау үш номинация бойынша өткізілді.
1).«Айтып өткен ақында арман бар ма?»-бұл номинацияда үміткер М.Мақатаев шығармаларынан жатқа білетін өлеңдерін оқиды.Үміткердің жатқа білетін өлеңдерінің санына және мәнерлеп, көркем оқылуына баға қойылады.
2) «Жыр эстафетасы» айдарында байқауға қатысушылар «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау» поэмаларын толық жатқа айтуы шарт.
3) «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» айдары бойынша оқушы өз шығармашылығынан 3-5 шумақтан аспайтын бір өлеңін жатқа оқиды. Байқауда кіл мықтының ішінен, шын жүйрік суырылып шықты. Әр бір оқушы қарым-қабілеті мен дайындық деңгейіне қарай жүлделі орындардан көрінді.
Сайыс қорытындысы бойынша, «Айтып өткен ақында арман бар ма?» аталымынды 1 жүлделі орынға ие болған Ережепова Жанерке А.Асылбеков атындағы ЖББМ 10 сынып оқушысы (жетекшісі Кусаинова Динара Бекболатовна), 2 орын Дулат Кәусар С.Талжанов атындағы ЖББМ 8 сынып (жетекшісі Дымбаева Умит Кияшевна), Сатыбалды Ақниет Ж.Аймауытов ат НОМ (жетекшісі Бахыт Гулмайра) және Аманбаева Сәметгүл Жараспай ЖББМ 8 сынып оқушысы (жетекшісі Рүстемова Жанна Тлеужановна) 3 орынға ие болды. «Көкірегімді жыр саулесі маздайды» бағыты бойынша 1 орын Ережепова Жанерке А.Асылбеков ат. ЖББМ(жетекшісі Кусаинова Динара Бекболатовна), 2 орын Абильмансурова Елнура Ж.Аймауытов ат НОМ (жетекшісі Бахыт Гулмайра), 3 орын Рахимберлина Айсара Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) 9 сынып оқушысы (жетекшісі Бактыбекова Гүлнұр Ардаққызы). Осы жарыста қатарынан оқ бойы оза шауып, облысқа жолдама алғандардың қуанышында шек жоқ. Осылайша, поэзияны жанына серік еткендер лайықты тұғырынан табылды. Құттықтаймыз.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/960112?lang=kk
Добавить комментарий