«Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жүзеге асырылған бұл шара Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтауға арналған.«Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде және сақтандыру компанияларында шот ашуы қажет. Онда ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (2025 жылы 235 920 теңгені құрайды) және жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталы, 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақының жыл сайынғы төлемі және инвестициялық табыс есептелетін болады.«Келешек» жүйесінің шарты – ата-аналар кемінде 12 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы міндетті ең төменгі жарнаны төлеуі тиіс.Шоттарды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, ал сақтандыру төлемдерінің сомасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандырады.Мемлекеттік білім беру грантын алған жағдайда қаражатты жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға пайдалануға болады.Сонымен қатар, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге болады.Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін1,75 есе артады.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.Студенттердің жекелеген санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді. Оларға мыналар құқылы: Жоғары немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973233?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ