
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес Кеген аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс XXXIIсессиясы 2025 жылдың 20 наурызы күні сағат 11-00 өткізілді.
Сессия қарауына мына төмендегі мәселелер ұсынылды:
1.Кеген аудандық мәслихатының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы мәслихат төрағасы А. Н. Нұғманның есебі
2.Кеген аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы «Кеген ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы»№ 29-127 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3.«Аудан әкімдігі жанынан қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық- құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзгеде көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы;
Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-til/press/news/details/961244?lang=kk
Добавить комментарий