
Бүгін Шалқар аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысынның жұмысына Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Т.Шамбалаев, тұрақты комиссия мүшелері және қаралатын мәселелер бойынша шақырылғандар қатысты.
Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелерді талқылады:
1) «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы Шалқар аудандық пошта байланыс торабының халыққа қызмет көрсету жөніндегі жұмысы туралы.
2) Аудан халқының жұмыспен қамтылуының жай – күйі мен оны қамтамасыз ету шаралары және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру бойынша атқарған жұмыстар туралы.
3) Аудан көлемінде бұқаралық спортты дамыту бойынша атқарылып жатқан Шалқар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жұмыстары туралы.
Тұрақты комиссия отырысы соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalkar/press/news/details/960421?lang=kk
Добавить комментарий