
Аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Қоғамдық кеңестің отырысына мына төмендегі мәселелер ұсынылды:
- Ауданның 2024 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары және 2025 жылы атқарылатын жұмыстары туралы Кеген ауданының әкімі Н.Теңізбаевтың есебін тыңдау.
- «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4- тармағының ережелеріне сәйкес Кеген аудандық мәслихат төрағасының қосымша баяндамасы.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4- тармағының ережелеріне сәйкес аудандық қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасы.
Аудан әкіміН.Теңізбаевтың баяндамасын тыңдап, талқылай келе қоғамдық кеңес мүшелері біраз шешімін таппай отырған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Кеген ауданы әкіміН.Теңізбаевтың Ауданның 2024 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2025 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебін тыңдап, талқылай келе Кеген ауданының Қоғамдық кеңесі ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ:
- Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлының ауданның 2024 жылдың 12 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары және 2025 жылы атқарылатын жұмыстары туралы есебі еске алынсын.
- Аудандық Қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелер бойынша шаралар белгілеп, жүзеге асыру аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлының назарына ұсынылсын.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңес отырысында:
- а) «Тасашы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2024 жылы атқарған, 2025 жылы атқаратын және жергілікті қоғамдастық жиналысымен байланысы туралы жұмыстары жайлы есебі;
б) «Тасашы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда атқарған жұмыстары жайлы есебі тыңдалды.
- Кеген ауданының «Дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданда бұқаралық спортты дамытуда атқарған жұмыстары жайлы есебі.
- Ауданның жасөспірімдер спорт мектебінің атқарып жатқан, келешекте атқаратын жұмыстары жайлы есебі.
Осы мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-til/press/news/details/959721?lang=kk
Добавить комментарий