📚 Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада – жоғары нәтиже!
📍 2025 жылдың 14-18 сәуірі аралығында Қызылорда қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.
🔹 Олимпиадаға Батыс Қазақстан облысынан:
– Қазақстан тарихы пәні бойынша 4 оқушы,
– Құқық негіздері пәні бойынша 4 оқушы қатысып, аймақ абыройын асқақтатты.
🏅 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🥇 І дәрежелі диплом, алтын медаль:
* Базарбай Ильнара – Орал қаласы, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы (құқық негіздері);
* Мүтиғолла Шұғыла – С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы (құқық негіздері).
🥈 ІІ дәрежелі диплом, күміс медаль:
* Казиханов Орынбек – Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы).
🥉 ІІІ дәрежелі диплом, қола медаль: * Асхат Алуа – Ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
* Золотарь Анастасия – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы).
👏 Жеңімпаз оқушыларымызды, жетекші ұстаздарын және ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушыларымыздың бұл жетістігі – білімге деген талпыныс пен табандылықтың жемісі.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/979245?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ