Шахтинск қаласының білім бөлімімен 2025 жылғы 16 сәуір күні «№6 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында облыстық «Әбіш оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқауға 15 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар белгіленді:
- Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша:
1 орын. Михеева Моника. Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Танабаев С.Н.
2 орын. Азенбетова Каусар. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Барлыбай Н.Т.
3 орын. Жарасқанұлы Тасқын. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Кузембаева М.К.
- Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан (1 проза және 1 поэзиясын) мәнерлеп үзінді оқу бағыты бойынша:
1 орын. Еркибаева Асель. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Рамазанова Э.Н.
2 орын. Жақан Айым. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Біржікен Э.О.
3 орын. Орманова Аяулым. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейі. Мұғалімі: Касенов Н.М.
- Жазушының шығармалары бойынша зерделеу жобасын қорғау бағыты:
1 орын. Алтайбай Аяулым. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Нажмаддинова Н.С.
2 орын. Шалтиев Ернур. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Калабаева А.С.
- Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым көрсету бағыты бойынша:
1 орын. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сабиолдина А.К. Әбіш Кекілбаевтың «Бәсеке» повесінен үзінді
Әбіш оқуларының қалалық кезеңінде 1-орынға ие болған оқушылар Шахтинск қаласының намысын қорғау үшін облыстық кезеңге жолдама алды. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/978593?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ