Ұлттық спортты дәріптеу мақсатында елордалық ТЖД бөлімшелері арасында арқан тартыстан жарыс өтті.
Жарысқа әр топта 8 спортшыдан тұратын 18 команда қатысып, кіл мықтылар анықталды.
Осылайша, қорытынды есепте бірінші орынды Жедел құтқару жасағының командасы, екінші орынды 17-ӨСБ командасы және үшінші орынды Асқар Забикулин атындағы 6-МӨСБ командасы иеленді. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды.
Ұлттық спорт түрлері – жауынгерлік рухты оятатын, ептілік пен батылдықты талап ететін өнер. Бүгінде ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналған спорт түрлерін насихаттауда құтқарушылар тыс қалған жоқ.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/961623?lang=ru
Добавить комментарий