
Қару айналымын қатаң бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістерге сәйкес, оқталған қару және сигналдық қаруды мәдени, білім беру және коллекциялық мақсаттарда азаматтық айналымға енгізілді. Алайда, Қарағанды облысында тіркелмеген оқталған қару және сигналдық қаруларды қылмыстық әрекеттерде қолданылу жағдайлары жиілеп, бұл мәселе Полиция департаментінің алаңдаушылығын тудырып отыр. Қаруды сату, есепке алу және сақтау процестері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы №602 бұйрығымен реттеледі. Қаруды 18 жасқа толған азаматтар ғана сатып ала алады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама, Психикалық денсаулық орталықтарынан алынған мәліметтер және арнайы даярлықтан өткендігін растайтын құжат талап етіледі. Сатып алынған қару 7 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс, алайда оны сақтауға арнайы рұқсат берілмейді. 2022–2024 жылдар аралығында құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 25 дана оқсыз және 7 дана сигналдық қаруын тәркіледі, олардың кейбірі қайта жасалғаны анықталды. Оқсыз және сигналдық қаруды заңсыз сақтау, алып жүру және өткізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру ұсынылады. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық жауапкершіліктен босатады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/963540?lang=kk
Добавить комментарий