Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі, ағайын!
Сіздерді барша мұсылман қауымының тамаша мейрамы –
Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті рамазан айында күллі мұсылман қауымы исламның бес парызының бірі – ораза ұстап, аузын бекітіп, Аллаға дұға етіп, табиғаттың сансыз нығыметтерінің қадірін сезінеді.
Ораза айт осы бір қастерлі де қасиетті маусымның аяқталғанын білдіретін, халқымыз үшін игі істер мен жақсылықтардың бастауы болатын мереке.
Адамзатты игі амалдар мен мейірімге, парасат биігіне жетелейтін Рамазан айында тілеген тілектеріміз қабыл болсын! Әрбір азамат қасиетті айда жасаған ізгі ниетті амалдарымен еліміздің, жаңа Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосады.
Ораза айт мерекесі ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге жігерлендіреді.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Ораза айт мейрамымен құттықтай отырып, баршаңызға дүниедегі барлық ізгі жақсылықтар мен игі қуаныштарды тілеймін. Алла Тағала барлықтарыңыздың амалдарыңызды қабыл етсін.
Ораза айт құтты болсын!
Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/965534?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ