ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢАДАН 5 ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢАДАН 5 ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ

✔️Түркістан облысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 14 индустриалды аймақ ашылған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруде. Мақсат – өндіріс орындарын көбейту. Биыл облыста аумағы 744 гектарды құрайтын жаңа 5 аймақ құрылды.

✔️Атап айтсақ, «Жетісай» индустриалды аймағы – 59 га, «Отырар» индустриалды аймағы – 85 га, «Арыс» индустриалды аймағы – 30 га, «Қарамұрт» индустриалды аймағы – 523,9 га және «Шардара-2» индустриалды аймағы – 46,1 га. Бұл аймақтарда құны 129 млрд. теңгені құрайтын жалпы 84 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, биыл 49,7 млрд. теңгеге 17 жобаны іске қосу межеленген.
Қосымша Төлеби ауданында 1 индустриалды аймақ ашу және Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданындағы 2 аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Сауран ауданында «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында 152 өндірістік ғимарат салып, 308 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген болатын. Бұл бастама 6 040 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 11 жоба іске қосылып, (11 ғимарат), жұмысын бастап кетті. 790 жұмыс орны ашылды.

✔️Биыл тапсырылатын 29 ғимараттың құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталды. Нәтижесінде 26 жоба іске қосылады. Жалпы І кезең қорытындысымен 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген. Яғни, 136,8 млрд. теңгеге 37 жоба жүзеге асырылады. Қытайдың ірі компаниясымен келіссөз жүргізіліп, өнеркәсіптік парк аумағында ауыл шаруашылығы дрондарын шығаратын зауыт салу бойынша келісім жасалды. Жобаның құны – 5 млн. АҚШ доллары. Қуаттылығы – айына 600 дана.

✔️Парк аумағында «Жасыл суық Қазақстан» (UBC) халықаралық компаниясы тоңазытқыш шығаратын зауытты іске қосты. Жобаның жалпы құны 60 млн. евро болса, толық іске қосылғанда қуаттылығы жылына 140 мың дана болады деп жоспарланған.

✔️«Шағын өнеркәсіптік парк» жобасының мультипликативтік тиімділігін ескере отырып, Бәйдібек, Келес, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас Сайрам және Сарыағаш аудандарында осы тәжірибені ендіру жұмыстары жүргізілуде. Сәуір айында Ордабасы ауданында 8 гектар аумақта «Бадам» өндірістік паркінің құрылысы басталды. Ол жерге кәсіпкерлер 5 өндіріс орнын ашуға қызығушылық танытып отыр. Бұдан бөлек, Сауран ауданындағы Иассы, Қарашық, Үшқайық, Жүйнек ауылдарында жергілікті кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен 4 шағын өндірістік алаңда 22 ғимараттың құрылысын бастап кетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СОЗДАНЫ ПЯТЬ НОВЫХ ИНДУСТРИАЛЬНЫХ ЗОН

✔️В Туркестанской области, в целях развития промышленного потенциала, созданы и действуют 14 индустриальных зон. Аким области Нуралхан Кушеров уделяет приоритетное внимание работе в этом направлении. Цель – увеличить производство. В этом году в регионе созданы пять новых зон площадью 744 га.

✔️Так, индустриальная зона “Жетысай” занимает 59 га, индустриальная зона “Отырар” – 85 га, “Арыс” – 30 га, “Карамурт” – 523,9 га, “Шардара-2” – 46,1 га. На этих территориях запланирована реализация 84 проектов на 129 млрд тенге. Из них в этом году планируется запустить 17 проектов стоимостью 49,7 млрд.
Дополнительно ведется работа по открытию индустриальной зоны в Толебийском районе и расширению двух зон в городе Туркестане и Ордабасинском районе. В Сауранском районе реализуется проект “Малый промышленный парк”. В рамках проекта построены 152 производственных здания, планируется привлечь 308 млрд тенге инвестиций. Эта инициатива позволит создать 6040 рабочих мест. На сегодняшний день запущены 11 проектов (11 зданий), создано 790 рабочих мест.

✔️В этом году будут сданы 29 зданий, работы завершены на 90%. В результате будет запущено 26 проектов. В целом, по итогам первого этапа предусмотрено создание более 2000 рабочих мест. Всего будет реализовано 37 проектов на 136,8 млрд тенге. Заключены переговоры с крупной китайской компанией по строительству завода по производству сельскохозяйственных дронов на территории промышленного парка. Стоимость проекта – $5 млн. Мощность предприятия – 600 дронов в месяц.

✔️На территории парка международная компания «Жасыл суық Қазақстан» (UBC) запустила холодильный завод. Стоимость проекта составляет 60 млн евро. При полном запуске мощность предприятия составит 140 тыс. холодильников в год.

✔️Учитывая мультипликативную эффективность проекта “Малый промышленный парк”, ведется работа по внедрению такого опыта в Байдибекском, Келесском, Ордабасинском, Толебийском, Тюлькубасском, Сайрамском и Сарыагашском районах.

✔️В апреле в Ордабасинском районе началось строительство производственного парка “Бадам” на площади 8 га. Местные предприниматели заинтересованы в создании пяти производственных предприятий. В селах Иассы, Карашык, Ушкайык, Жуйнек Сауранского района местные предприниматели начали строительство 22 зданий на четырех малых производственных площадках.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/983021?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *