Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстарының барысын көріп, мамандармен кездесті. Аралау барысында аудан басшысы жауапты мамандар мен мердігер мекеменің қызметкерлеріне жұмыс барысын күшейтіп, іс-шараларды сапалы жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қоғам және Көксарай ауыл округінде жүргізіліп жатқан дезинсекция жұмыстары өзге де аймақтарды қамту керектігін айтқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қажет болған жағдайда қосымша күштерді тартып, арнайы техникалардың санын арттыру керектігін жеткізді. Аталған жұмыстар тікелей бақылауында болатынын айтып, жауапты мамандар мен сала басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/981521?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ