Қадірлі ағайын!
Мұсылман қауымының асыға күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен қатар келіп отыр. Мемлекет басшысы айтқандай мұның зор символдық мәні бар. Мағынасы ұқсас қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін нығайта түсуге шақырады. Рамазан – мұсылман үшін қасиетті де берекелі ай. Шарапаты мен шапағаты мол ай адамзатты ізгілікке, береке-бірлікке жетелеп, жабыққанға жанашыр, қамыққанға қайырымды, бір-біріне көмектесіп, бауырмал, мейірімді, кішіпейіл, кешірімді болуға шақырады.
Құрметті жерлестер!
Татулығы мен тірлігі жарасқан Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, тілеген барлық дұға-тілектеріңіз, ықылас-ниетпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
Елді біріктіре түсетін қасиетті айда әрбір отбасына шаттық, бақ-береке, амандық, егемен елімізге тыныштық пен өрлеу тілеймін!
Құрметпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981499?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ