
КЕЛЕСТІК АЗАМАТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің табысты дамуы үшін кәсібилік пен еңбекқорлық басты құндылықтар қатарында тұруы тиіс екені ерекше атап өтілді.
«Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал», – деді Президент. Осы орайда елімізде түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды қолдап, құрмет көрсету – маңызды бастамаға айналып отыр.
Осындай мақсатпен ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының ең үздік ұжым басшысы» атты республикалық байқауда №13 колледж МКҚК басшысы, Келес ауданының құрметті азаматы, “AMANAT” партиясының Келес ауданы бойынша “Абай” бастауыш партия ұйымының төрағасы Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы жеңімпаз атанып, жүлделі І орын иеленді.
Бұл марапат – білім беру саласына сіңірілген адал еңбек пен қажырлы еңбектің, жаңашыл басшылық пен көшбасшылық қасиеттің жарқын дәлелі. Жақсылық Ақылбекұлы басшылық ететін оқу ордасы жастарға сапалы білім мен кәсіби бағыт-бағдар беріп, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар дайындау ісінде озық үлгі көрсетіп келеді.
Байқаудың басты мақсаты – қоғамда адал еңбек пен кәсібилікті дәріптеу, түрлі салада аянбай еңбек етіп жүрген ұжым жетекшілерінің тәжірибесін көпшілікке үлгі ету болып табылады.


Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981577?lang=kk
Добавить комментарий