КЕЛЕСТЕГІ СЕНБІЛІККЕ 13 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕСТЕГІ СЕНБІЛІККЕ 13 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ
«Тaзa Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Келес ауданының барлық ауылдық округтері мен елді мекендерінде санитарлық тазалыққа бағытталған кең ауқымды сенбілік өткізілді.
Сенбілікті Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев бастап шығып, жергілікті халықты белсенділікке шақырды. Таңғы сағат 09:00-де басталған іс-шара ауданға қарасты 12 ауыл мен ауылдық округ аумағында өтті. Республикалық маңызы бар А-15 автожолы, облыстық жолдар, орталық және ішкі көшелер, сондай-ақ арық-атыз жүйелері тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке жалпы саны 13 000 адам тартылды. Олардың қатарында жергілікті тұрғындар, еріктілер, ауыл ақсақалдары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары белсенділік танытты.
Аудан бойынша өткізілген тазалық жұмыстарының нәтижесінде 12 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Әсіресе, Келес ауданын кесіп өтетін тарихи маңызды бағыт – Ұлы Жібек жолының бойымен өтетін А-15 республикалық автотрассасы бойы қоқыстан тазартылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – елді мекендердегі санитарлық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады.
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981579?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version