КЕЛЕСТЕ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕСТЕ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Бүгін Келес ауданында шегіртке зиянкестерімен күрес мәселесіне арналған кезекті штаб отырысы өтті. Маңызды жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Сәкен Қаныбеков арнайы қатысты.
Отырыста Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрбол Бекмұратов Марокко шегірткесіне қарсы жүргізіліп жатқан химиялық өңдеу жұмыстары туралы кең көлемде баяндама жасап, облыс көлемінде анықталған ошақтар жайлы нақты мәліметтермен бөлісті.
Ауқымды өңдеу жұмыстары жүргізілуде
Қазіргі таңда облыс бойынша 67,3 мың гектар алқап зерттеліп, оның 10,8 мың гектарында зиянкестердің экономикалық зияндылық шегінен (ЭЗШ) асқаны анықталған. Осы орайда 7,1 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілген. Залалсыздандыру жұмыстары арнайы техникалармен және аспалы бүріккіштермен жүзеге асуда.
Келес ауданы бойынша жағдай
Келес ауданында жалпы көлемі 88,6 мың гектар болатын аумақта шегірткеге қарсы жұмыстар жоспарланған. Бұл аумақ 17 секторға бөлініп, 136 азамат дәрілеу шараларын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, ошақтарды анықтауға 358 адам жұмылдырылған. Бүгінгі күнге дейін 2 176,9 гектар жер химиялық өңдеуден өтті.
Облыс әкімдігінен қосымша қолдау
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков техникалық ақауларға қарамастан жұмыстардың тоқтап қалмауы үшін қосымша техникалар тартылғанын жеткізді. Оның айтуынша, әкімдіктер мен ірі агроқұрылымдар тарапынан 41 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, дрондар арқылы мониторинг күшейтіліп, демеушілер көмегімен 5 газогенератор мен 1 ұшақ жалға алынған (мердігер тарапынан тағы 4 ұшақ қамтамасыз етіледі).
Мамандардың қауіпсіздігі – басты назарда
Улы химикаттармен жұмыс істейтін мамандардың денсаулығын сақтау – басты міндеттердің бірі. Осыған байланысты аудан және қала әкімдерінің орынбасарларына медициналық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру тапсырылды.
Жиын қорытындысында Сәкен Қаныбеков әкімдік атқарып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция тарапынан толық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981567?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version