Келес ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясы шеңберінде тазалық жұмыстары атқарылды. Тазалық жұмыстары аудан аумағындағы 11 ауылдық округі мен аудан орталығында қарқынды іске асты.
Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары Даурен Сариев пен Мақсат Тұрдиев жергілікті тұрғындармен ағаш екті. Ошақты ауылдық округіндегі Самбет Саттаров саябағын қайта көгалдандыру жұмыстары атқарылып, 19 650 дана ағаш көшеттері қондырылды.
Жалпы аудан бойынша 15 мыңнан аса адам жұмылған тазалық шарасында саябақтар мен көше бойлары тазаланды. Арық-атыздар қазылып, вегитациялық кезеңге дайындық жүргізілді. Тұрғындар өз ауласын қоқыстан тазартып, ағаш екті. Аялдамалар сырланып, қоқыс жәшіктері орнатылды.
Добавить комментарий Отменить ответ