КЕЛЕС: ШЕГІРКЕГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕТІН АЙМАҚТА БОЛДЫ
Шегірткеге қарсы залалсыздандыру бойынша Келес ауданында 17 сектор белгіленіп, 85 бүрку техникасы бөлінді. 17 жұмысшы топ 123 аспалы бүріккішпен қамтылды. 447 анықтаушы залалсыздандыру шарасына жұмылдырылады.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бүгін Келес ауданындағы Бірлік, Ошақты, Жамбыл және Бозай ауылдық округтерінің дайындығын пысықтады. Сонымен қатар, анықтаушылардың жатын орындарын аралап тексерді. Аймақтарда орналасқан шаруа қожалық иелері бұл науқанға өз үлестерін қосуда. Жауаптылардың мәлімдеуінше, су мен жанар-жағармай тасымалы жүйеленген.
– Негізгі жұмысты атқаратын – анықтаушылар. Сондықтан, барлық жағдайы жасалуы керек. Тамақтанатын, жуынатын арнайы орынжайлар қарастырылсын. Химиялық препараттың күнделікті қалған мөлшері бойынша тұрақты түрде ақпарат ұсынылсын. Жұмыс тоқтамауы тиіс, – деп облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға тапсырма жүктеді. Қажеттілігіне қарай қосымша жұмыс күшін қарастыру да тапсырылды.
Келес ауданында дернәсілдер алдағы 4-5 күнде шығады деп болжануда.
Добавить комментарий