КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨКПАРДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨКПАРДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
✔️Келес ауданындағы Ғ.Мұратбаев ауылында көкпардан жастар арасында облыстық чемпионат басталды. Дүбірлі додаға аудан-қалаларынан 13 команда қатысып, өзара бақ сынасуда.
✔️Жарыста облыстық көкпар федерациясының президенті Ғани Ахметбаев, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, ардагер шабандоз Жасұзақ Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, шабандоздарға сәттілік тіледі.
✔️Аламан бәйге – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық ұлттық спорт түрлері мектебі мен Келес аудандық ұлттық спорт клубының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
✔️Доданың алғашқы күнінде Келес, Жетісай, Сайрам, Шардара аудандарынан келген құрамалар басым түсіп жатыр. Облыстық чемпионатта үздік деп танылған шабандоздар мен сәйгүліктер облыс құрамасына алынып, мамыр айында Алматы облысында өтетін ел чемпионатында өңір намысын қорғайды.
Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981522?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *