КЕЛЕС АУДАНЫНДА «БОЛАШАҚҚА МҮМКІНДІК – ЖАҢА ӨМІР» АТТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Келес ауданында құқықтық мәдениетті арттырып, қылмыстың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» бағыты аясында маңызды жиын өтті. «Болашаққа мүмкіндік – жаңа өмір» атауымен ұйымдастырылған аудандық форум қоғам мен құқық қорғау саласының өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталды.
Іс-шараға аудан прокурорының орынбасары Нүркен Ағабеков, аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Әбілханұлы, И.Сатыбалды мешітінің бас имамы Айдарбек Садыков, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам белсенділері, студенттер мен оқушылар қатысты.
Форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2-қыркүйектегі Жолдауындағы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды. Шара барысында қылмыстың алдын алу, пробациялық есепте тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, интернет алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу жолдары талқыланды.
Аудан әкімінің орынбасары Мақсат Турдиев: «Бүгінгі форумның мақсаты – қылмыстың қайталануын болдырмау, бұрын сотталған азаматтарға жаңа өмір сүруге мүмкіндік беру, құқықтық сауатты қоғам қалыптастыру. Бұл – ортақ жауапкершілігіміз» – деп атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар әлеуметтік бейімдеу шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру, жастар арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстармен бөлісті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/981565?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ